Студент анасына – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Студент анасына» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1629
Еседі лебің лапылдап жанған,
Сағындың ба, қамқоршым, анам?!.
Шығар ма естен құшағың жайған,
Аттанарда ауылдан балаң.
Талаптың туын көтеріп жүрмін,
Жарқылдар көкте жасындай көріп.
Кеудеме салған, отыңды үрдім,
Отыңды үрдім, үңіле төніп.
«Құлыным әлде жүр екен қайтіп?», –
Дей көрме анам, дей көрме, жаным.
Ұланың отыр өлеңін айтып,
Отанның жағып раушан шамын.
Өтеді күндер, өтеді сырғып,
Қалады жарқ етіп жылдар;
Берерлік саған мәңгілік жыр ғып,
Жүрегім толған ғажайып сыр бар.
Болса да қораш көруге сыртым,
Ұланың ойлы, алып қой жұртым.
Ішінде жүріп көрмеген байқап,
Ашылар жаңа дүние бір таң.
Ұшқындай бүгін, лаулармын ертең,
Арманның отты қанатын самғай.
О, дариға, соны бір көрсең,
Бетімнен сүйіп шалқыған айдай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Студент анасына өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Студент анасына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Студент анасына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Студент анасына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері