Қызғанам деп қызылын – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қызғанам деп қызылын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2698
Қызғанам деп қызылын,
Келіп едім жарғызбай.
Енді, міне, қызығым
Үсік шалған қарбыздай!
Жасыдым ба жасуын,
Өтейін деп парызды,
Ашу емес ашуым,
Піскен пияз тәрізді.
Уақыт мол деп жүр едім,
Сол уақытым қалмады-ай!
Көпті көрген жүрегім
Бұршақ ұрған алмадай!
Бірақ сөйткен жүрегім
Алған емес жалбақтай...
Тфә! Тфә! Жігерім
Нағыз түйе жаңғақтай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері