Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 12867
Бақыт, дәулет, мал бітерде ырыс қонар,
Ынтымағы ағайынның дұрыс болар.
Бала пайда күнем болар,
Жалшы жауынгер болар.
Келін епті болар,
Көп көрініп жау қашырар,
Көмектен қонақ аттандырар.
Адамы қырлы болар,
Малы түрлі болар.
Иті үреген келер,
Тіркеген малы жүреген келер.
Бақ, дәулет, мал кетерде ырыс қашар,
Біреуі біреуіне пәле жасар.
Бала пайдасыз болар,
Жалшы жалқау болар.
Қызы қылықсыз болар.
Келіні керенау болар.
Қатыны салақ болар,
Ат мінсе, жалақ болар.
Адамы қырсыз болар.
Малы түрсіз болар.
Иті үрмес,
Тіркеген малы жүрмес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері