Алпыс бір мүшел келді мерттей болып – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Алпыс бір мүшел келді мерттей болып» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6474
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып,
Өтпедің сол мүшелден серттей болып.
Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,
Су тиген, сөне қалдың өрттей болып.
Астынан көк өгіздің тас көтерген,
Арықтаған кісіні ас көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса.
Бұрынғы үлкен қайда бас көтерген?
Қара тасты астынан су көтерген,
Суға түскен мұнарды бу көтерген.
Туған жанның бәрі де өлмей тұрса,
Бұрынғы батыр қайда ту көтерген?
Құлеке, жиырмада арқар едің,
Отызыңда би, қырқыңда дарқан едің.
Кешегі дулап өткен Құлекенің
Алдынан орыс, қазақ тарқап еді.
Кедейлік, жабыстың ғой бала жаста,
Мені ұятты қылдың ғой қарындасқа.
Аш белімнен құшақтап айрылмайсың,
Көз танысың жоқпа еді менен басқа?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алпыс бір мүшел келді мерттей болып өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Алпыс бір мүшел келді мерттей болып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алпыс бір мүшел келді мерттей болып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алпыс бір мүшел келді мерттей болып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері