Бұлт төсіне, жауын симай себелеп – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Бұлт төсіне, жауын симай себелеп» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2269
Бұлт төсіне, жауын симай себелеп.
Жер маңдайын шертіп тұр.
Қырдан аққан, қара толқын көбелеп
Терең арна,
Жар қабағын кертіп тұр.
Салқын леп,
Торғын дала төсінде,
Емін - еркін аунайды.
Ит үреді,
Кемпірқосақ көшіне
Баллар қолын бұлғайды.
Қара бұлттар,
Жауырыннан жыртылып,
Тапыр - тұпыр жөңкілді.
Тұра алмайтын
Көрсетпесе бір қылық
Жақын туыс секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері