Рухани кереңдерге арналған жыр немесе Абайға жүгіну

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 773
Құлағыңа қу өлең сіңбей қалып,
Отырсың ба меңіреу түнге айналып.
Түңілдім-ау, қайтейін тым болмаса,
Түсіре алмай санаңа тілдей жарық.

Жыр оқысам, жадырап қалар ма деп,
Алынбайтын тап боппын қамалға кеп.
Қалғып кетер бас шұлғып отырып-ақ,
Қалмапты ғой қашанғы қараңғы әдет.

Қайта қайтқан дауыстай жарға барып,
Өз үнім тапты өзімді зорға оралып.
Қай шамада қайран ер жүр екенсің,
Құлағыңды құлқынға жалғап алып.

Қу өлеңге құлақтың сыртын беріп,
Қай шамада жүрсің сен құлқынға еріп.
Жырға орын табылмай қалды ма әлде,
Жүрегінді "мүңкіген" мүлкің көміп.

"Өлең саған көрерміз мал болар" деп,
Отырмысың күлкіңді зорлап әнтек.
Бақытың да, басқаң да - байлықта деп,
Тура жолды өзіңше тандаған боп.

Бетпе-бет кеп малдымен, мықтылармен,
Қайран Абай сенде бітті дәрмен.
Мыңмен жалғыз алысқан, сөз патшасы,
Мен сені ұқтым әбден, ұқтым әбден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Рухани кереңдерге арналған жыр немесе Абайға жүгіну өлеңінің авторы кім?

Серік Томанов — осы өлеңнің авторы.

Рухани кереңдерге арналған жыр немесе Абайға жүгіну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Рухани кереңдерге арналған жыр немесе Абайға жүгіну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Томанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Рухани кереңдерге арналған жыр немесе Абайға жүгіну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері