Өмірдің өтіп сабағын – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Өмірдің өтіп сабағын» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1843
Өмірдің өтіп сабағын,
Дүниеге бардай қарадым.
Тілімнің өткір садағын,
Қас жауыма қададым.
Жыға тарттым жерінде,
Теткіп шеттей қалмадым,
Сына батпас безді ағаш,
Қайықты ессе толқында,
Таразы бақтым, санадым.
Қызығын кешіп қаланың,
Үйрендім алуан амалын,
Сахараны сайраңдап,
Қымызша жұттым самалын.
Құзға қондым бұлт құшқан,
Бағдарлай бағып қабағын.
Шаңқылдаған бүркітке
Құмарта талай қарадым.
Құлада жортқан құланның,
Жалынан ұстап тарадым.
Шыйыршық атып барыстың,
Жүрелей жатып алғанын.
Көрдім оқшау қояннан
Жарысса, бірақ, қалғанын.
Мен де кейде керенау,
Кейде, тіпті, емен шау,
Қарсы алдымда асқар тау.
Қамшылар жақ қалың нау,
Тұрса сонда тосын жау,
Тап берерлік қағілез, –
Сергек сондай бар мінез,
Жортысқанға жол бермес,
Арбасқанға дендемес,
Шымшығанға сыр бермес,
Бітене бидай, көк сулы,
Қаны теппес көк сірі –
Болмағанға сыр мінез, –
Тосатыным сол мінез.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірдің өтіп сабағын өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Өмірдің өтіп сабағын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірдің өтіп сабағын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмірдің өтіп сабағын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері