Ақ маңдай
Бұл бетте «Ақ маңдай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақшоқы бауыры жазық, басы биік,
Сен сонда мекендеген, ай-гүл-гой,
ерке киік, ірі-юяй.
Қайырмасы:
Ақ маңдай, інжу шаш,
Үкілі кәмшат, қиғаш қас.
Жар жолы асу екен асқар-асқар,
Жетем деп арманыма, ай-гүй-гой,
тартып күйік, ірі-юяй.
Келеді қара бұлттар меңдей болып,
Қалады кескен терек жеңдей болып.
Қайырмасы:
Ақ маңдай, інжу шаш,
Үкілі кәмшат, қиғаш қас.
Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,
Көзіме кім көрінер сендей болып.
Қайырмасы:
Ақ маңдай, інжу шаш,
Үкілі кәмшат, қиғаш қас.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі