Жұлдыз – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жұлдыз» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1306
(А.С. Пушкиннен)

Қанатын жайса қара түн,
Жарқыраушы еді жұлдыздар.
Жадырап соған қалатын,
Қабағын түйген шың-құздар.
Түнекте таңды аңсап ең,
Ұшқын бір шашып жарқылдап,
Әділет, арға жар сап ең,
Алқырандай саңқылдап.
Сан ғасырдың жүрегін,
Шарпыды жырың һаманда.
Үмітің, арман, тілегің,
Жарасты біздің заманға.
Торласа бұлтқа көнбейтін,
Көгінде жаздың жайдары.
Күн сөнгенше сөнбейтін,
Сен де бір жұлдыз айдарлы.
Сыр тартып сол жұлдыздан,
Жас ойшыл отыр шарқ ұрған.
Өзіңдей ұлан туғызған,
Айналып ұлы халқыңнан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері