Бұл бетте «Меңдейді мұң, жаныма салып кірбің» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған мұң туралы өлең берілген.
Меңдейді мұң, жаныма салып кірбің,
Қасаң тірлік қажыттың, жалықтырдың.
Бақыт екен әкемнің тірі кезі,
Мендей болып өмірде тарықты кім?
Мимырт күндер өтуде мазалаған,
Егде тартып барады азалы анам.
Сағыныштан отырмын қалам алып,
Менің жырым – таусылмас қазанамаң.
Суретіңді көрем де торығамын,
Балапаның мен сенің соры қалың.
Есімде бар ақылың талай айтқан,
Біле тұра сан сынға жолығамын.
Сүрінемін қайтадан оңшаламын,
Қалжыратты езгілеп, соншама мұң.
Соғып тұрса кеудемде алып жүрек,
Бұл пәниден басқаша жол саламын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі