Алматыға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Алматыға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 905
Жүрекке табиғаттан сыр тыңдаған
Су екеш суың да ерке сылқылдаған.
Алатау аясында, жәннатында
Кім туып, кім ержетіп, кім тұрмаған.
Алматым, айналайын, алтын бесік,
Сағынбан сені қалай, өзіңде өсіп.
Кілем боп аяғыма оралады
Бағыңның жапырақтары желдей есіп.
Қолымда балбыраған қызыл алмаң,
Бағыңнан өз қолыммен үзіп алған.
Сиыңды апарайын Астанама,
Ежелден жалқы ләззәт маған арзан.
Алматым, мақтанышым, қолда барым,
Көрмесем көп күн сені – көңіл жарым.
Аққудың баласындай аралдағы,
Айықпай қойды өзіңе ынтызарым.
...Алайын шалғыныңа ат шалдырып,
Алдымнан тоспастай ғып жат, жарлымыз.
Келгенше қайта оралып кім бар, кім жоқ,
Кетейін сағынышты хат қалдырып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматыға өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Алматыға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматыға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматыға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері