Жаңбыры мол гүлімнің
Бұл бетте «Жаңбыры мол гүлімнің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегімнің төріне егіп,
Өсіріп ем бір нәзік гүл.
Саған ғана қидым сеніп,
Сақта, өзімдей ұғына біл.
Күте білсең гүл құлпырар,
Сыйлар сені жұпар леппен.
Көкірегіне бұлбұл қонар,
Болар ұяң мәңгі көктем.
Нақ, төрінен жүрегіңнің
Сайла дағы орын сәнді,
Жаңбыры боп сол гүлімнің,
Жасартып өт жанып мәңгі.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі