Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 873
Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың,
Қайдан шықтың, қайда лағып барасың?
Сар даланың саурын тіліп таспадай,
Табиғатқа тұрсың беріп жарасым.
Тау суының тыңдап күйін сылқылдақ,
Орнаттың ба жағаңа саз былқьілдақ?
Бір ғасырда бір-ақ туар дарындай,
Жапан түзден шықтың ба әлде бұрқылдап?
Шалқырсың ба қиыр асып, көл болып,
Кетерсің бе сіңіп құмға шөл болып;
Қауын-қарбыз сабағында шымырлап,
Жатарсың ба көгендеулі төл болып?
Жырың – ағын, жұмбақ жаһан – тұрағың,
Ессе самал, сыбдырлар тек құрағың.
Сылқылдаған күлкің жайлы құлаққа,
Қайсы өзеннің сіңлісі едің, шырағым?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері