Ұлым-ай менің құлдыраңдаған
- 0
- 0
Ұлым-ай менің құлдыраңдаған,
Жабыңқы түннің бұрымы алдаған.
Түспесең екен арбауға сен де,
Өзіңсіз ғұмыр тұлдыр ал, маған.
Бұл бетте «Жабыңқылық көремін жамалыңнан» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұлым-ай менің құлдыраңдаған,
Жабыңқы түннің бұрымы алдаған.
Түспесең екен арбауға сен де,
Өзіңсіз ғұмыр тұлдыр ал, маған.
Шарбы бұлттың ар жағында –
Ай-ғалам,
Жылыстайды,
Тартады оны қайда дәм?
Боран. Ақ боран далада безеді тілін,
Таппайды мынау ойпаңның өзегі тыным.
Ала қаншықша қыңсылап, тырмалайды есік,
Ойым да ұйтқыған дауылдай кезі ед...
Шарапатқа көз ашқаннан ділгірмін,
Төлі болсам, құрбанымын бір күннің.
Сынық күреш бақ бермепті жаратқан,
Байлауда бас, кісісімін кірбіңнің.
Кеспіріңді кескіндеген тым қатал,
Өседі ме аңызақты құмда тал?
Сексеуілдей қасіретті бейнесің,
Бір күлгенің, мұңлық анам, қымбат ал.
Жұлдыздардың арасы мәлім маған,
Сол жақтардан көресің тәлімді адам.
Сам жамырай бастайды, мен аттанам,
Қараңғыға сіңемін қалыңдаған.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі