Шақпақ – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шақпақ» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 833
Ақ тасты соқтым мен ақ тасқа,
Шашырады ұшқыннан жұлдыздар.
Иреңдеді ширатылған мақта,
Қашты құйттай құндыздар.
Бұтаға кәрі қоңсы қондым,
Шәлісін шайқап, жалын лаулады.
Мен адамзат тарихына шомдым,
Шырқ айналды әлемнің аумағы.
Ей, адамзат, өзіңнен енші алдым,
Мен – сенің тіршіліктегі белгің.
Мен де шақпақша талай жандым,
Келмейді, бірақ, шақпақша сөнгім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері