Назды әуен әлдилеген бесігімнен – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Назды әуен әлдилеген бесігімнен» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1162
Назды әуен әлдилеген бесігімнен,
Сыбызғы жеткен сыңсып есігімнен.
Құлаққа мұң мен бақыт түгел дарып,
Уантар ғұмыр бойы қос уілмен.
Көрдім көп жақсылықты, жамандықты,
Жомарт жан қарсы ап мені, сараң бұқты.
Қатпаған бұғанама аямастан,
Бір тарих салды аударып тамам жүкті.
Сыбызғы ән әлдилеген бесігімде,
Ұштасты талмаурай кеп осы күнге.
Болдым жақ қайда жүрсем махаббатқа,
Күндеске болмай пұрсат өшігуге.
Өмір түз, түздің жолы тарау-тарау,
Тосады тоғысардан көңілі қарау.
Жүрегін жалау етіп өтеді ақын,
Жанады қызғалдақша жалғыз жалау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Назды әуен әлдилеген бесігімнен өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Назды әуен әлдилеген бесігімнен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Назды әуен әлдилеген бесігімнен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Назды әуен әлдилеген бесігімнен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері