Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 742
Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге,
Қайрылар қайран өнер көрінгенге.
Қазақта он еркектің біреуі ақын,
Несібе сансыз жолдан терілгенге.
Кербездік қона бермес керілгенге,
Шыр жұқпас шұбар қағаз кеміргенге.
Жартастың жаңғырыққан жауабындай,
Үн шығар осы күні темірден де.
Хабардар әріңнен де, беріңнен де,
Қатпарлы ақын, сән қуған серіңнен де –
Мен бір жан көзіне айтар көңіл жықпай,
Аға мен ініге де, келінге де.
Атақтың аруағына еліргенге,
Қайықсыз балық тауып, семіргенге –
Аралсыз-ақ жал теңіз бермес өткел,
Тұңғиық түбі терең жерінгенге!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері