Қарындас, көз қиығын қашырасың – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Қарындас, көз қиығын қашырасың» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1019
Қарындас, көз қиығын қашырасың,
Несіне сыр шіркінді жасырасың?
Шыбықтай солқылдашы, болсаң мұңды,
Көкейде көздің тамшы жасы қалсын.
Сыр жұмбақ шертілмеген ағаңда бұл,
Болмайды махаббатқа табанды құл.
Көркіңнің көлі шалқар, құстар шулар,
Білмеймін қанша шәулі сағаңда жүр.
Бейне көл күрсінеді көкірегің,
Дауылдай ішін тартқан,
өкінемін.
Сары күз сыбызғысын сыңсытады,
Көктемгі қызғалдақтың кепілі едім.
Арман көп айтылмаған ағаңда бұл,
Болмайды махаббатқа табанда құл.
Ақ селеу жеңгесінен үкі таққан
Сал самал сидам тартқан сағаңда жүр.
Жан қалқам, көз қиығын қашырмашы,
Дүрсілін жүрегіңнің жасырмашы.
Даусыңмен дірілдеген шертші бір наз,
Көңілдің ұшсын сұлу қаршығасы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарындас, көз қиығын қашырасың өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Қарындас, көз қиығын қашырасың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарындас, көз қиығын қашырасың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарындас, көз қиығын қашырасың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері