Сырдарияда суға кету

Бұл бетте «Сырдарияда суға кету» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 652
Мына өмірде
Көргенім көп менің...
Бала кезімде
Сырдарияға
Суға кеткенмін.
Сол күні мені
Ауға түскен балықтай
Ажал торлаған:
Бойымнан әл кетіп
Бір батып,
Бір шығып
Жағаға жете алмай
Сорлағам...
Қаншама жыл өтті.
Бірақ мен бәрі- бір
Түншығам—
Сол судан мені
Ешкім де құтқармағандай.
Өйткені әлі күн
Мына өмірде
Жағаға жете алмай
Бір батып,
Бір шығам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сырдарияда суға кету өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сырдарияда суға кету өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сырдарияда суға кету өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сырдарияда суға кету өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері