Жалған өмір – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Жалған өмір» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қанша менің ғұмырым?
Қанша менің сағатым?
Қашан барып үзіліп,
Таусылады тағатым?!
Ақымақтық ең үлкен,
Өмір жайлы ойламау!
Адамдыққа сын екен,
Жүрегіңе бойламау.
Көрсең дағы қиындық,
Шаршадым деп қамықпа!
Дұға тіле жүрекпен,
Игі істен жалықпа!
Өкпелеме, өкінбе!
Күнәсіз жан бар ма екен!
Кемшіліктің бәрінен,
Алла ғана пәк екен!
Ренжіткенді кешіріп,
Сыйлағанға сый жаса!
Алла деуің бекерлік,
Жүрекке иман жимаса.
Керме көкке кеудені,
Құл болмайсың кіші бол.
Мәртебелі болсаң да,
Ең алдымен кісі бол.
Болмады деп қалауым,
Жасамағың күпірлік.
Бар бақыттың бір сыры,
Ете білу шүкірлік.
Бәріміз де кетеміз,
Уақыт өтіп барады.
Жақсылыққа тарықпа,
Жалған өмір қалады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалған өмір өлеңінің авторы кім?

Әмір Әділет Нұркенұлы — осы өлеңнің авторы.

Жалған өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалған өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жалған өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері