Бұл бетте «Жасыл жыр» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мүктер кесте салған мына тасты көр,
Тауға келіп сөз сөйлеймін, тосты бер!
Түзу жолға елді салар есті бер,
Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!
Жабырқаған тереземе Күн келді,
Науқасымнан айығам ба, шын ба енді?
Бақшаларым – гүл шығынан нұрға енді,
Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!
Көбелектің қанатында – көктем бар,
Жанатындар – уыстайды, от пен қар!
Көкке әкелер, - ақын біткен шеккен зар
Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!
Жазғы таудың жұлынына жыр қадап,
Сері өзен сандығынан сыр тонап.
Қара жерді менсінбеген – бір қонақ
Жасыл жырдың жапырағы ұшып жүр!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі