Көзімнен тамшылап жатыр
Бұл бетте «Көзімнен тамшылап жатыр» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тастың үстінде – мүк қалашығы
Сыртына күліп, шыққан асылы!
Інжуге толып, шық қарашығы
Көзімнен тамшылап жатыр.
Сарқыраманың қасқыр дауысы
Ұлып тұрғанда – ойлы тау іші!
Гаухар сезімім түнді тауысып,
Көзімнен тамшылап жатыр!
Ақынның бүгін жаны мұң – керім,
Жасын оятқан жарық үндерім.
Сағыныш- деген сары гүлдерім
Көзімнен тамшылап жатыр!
Кесел дүниеде зар шоқтай қарып,
Жанды жұлмалап, шаршатты-ай, ғаріп.
Мөлдіреп, қайғым – моншақтай болып,
Көзімнен тамшылап жатыр!!!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі