Дауыл – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Дауыл» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 751
А. С. Пушкиннің ізімен

Құшады мұнар, ышқынып теңіз,
Толқыны жарға соғады ойнап.
Толқынға төніп құзда тұр бір қыз,
Аққудай бейне қанатын қомдап.
Жарқ-жұрқ етіп қанаты жалын
Найзағай тентек қорқытса қызды,
Ұшырып қыздың орамал-шәлін,
Ұйтқиды дауыл теңселтіп құзды...
Жыртылған бұлттан жылтылдар аспан
Мұнарда бозғылт тамаша теңіз.
Дауыл, көк, толқын – бәрінен асқан
Емес пе ғажап құздағы сол қыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауыл өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Дауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері