Келдім мен астанама бағынышпен – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Келдім мен астанама бағынышпен» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 872
Келдім мен астанама бағынышпен,
Мойынға жырдан тұмар тағынышпен.
Жастықтың осында өткен күнін жоқтап,
Болдырмас болашаққа сағынышпен.
Дос, дұспан қылса қонақ қалада бұл,
Оларға күлме, күлсең – шалаға күл.
Мейлің сүй, мейлің жек көр, еркіңе бақ,
Күйдірме жолаушыны жалаға құр.
Оранған бейне салдай жасылдарға,
Алматым не көрмеген ғасырларда?
Еркем дер, тентегім дер ойлы шаһар,
Қоспас тек мені ойсыз масылдарға.
Өмірдің додасына түскен жанға
Бұйырған бақта үзілмей піскен алма.
Шаттықтың, сағыныштың шежіресі –
Сайрайды ренгендей іште таңба.
Сүйгенге базына мен бағыныш тең,
Оралдым Алматыма сағынышпен.
Біздің іш не көрмеген махаббаттан,
Сиқырдай су орнына сағым ішкен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келдім мен астанама бағынышпен өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Келдім мен астанама бағынышпен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келдім мен астанама бағынышпен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келдім мен астанама бағынышпен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері