Күзетші қойшының жыры – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Күзетші қойшының жыры» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 755
Айлы түнде момақан қой аңсап таңды жатады,
Қалың өзен қыбыр-жыбыр шыбындап тіл қатады.
Бөрі әккілер баспалайды, қанды сәтін аңдиды,
Қарауыл ай бҰлт жастанып, бейғам көктен қалғиды,
Көк төбетім, көрсетесің көктегі айдан сен сақтық,
Арпылдайсың түнге оқтанып, болмас үшін ағаттық.
Мен ойлаймын екі аяқты бөрілерді елдегі,
Бейне қасқыр көмейінде бүлкіл-бүлкіл желгені.
Сен қорқасың жеті түнде баспалаған қасқырдан,
Мен қорқамын бөрілерден жанды жанға қас қылған.
Жеті үркерге айтып арыз ұлыйықшы екеуміз,
Ес білетін сен екеуміз Ұйқылы елден шеттеуміз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзетші қойшының жыры өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Күзетші қойшының жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзетші қойшының жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күзетші қойшының жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері