Бесік басында
Бұл бетте «Бесік басында» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
...Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!
Жақсы
Өте керемет☺
Өте керемет!
қатты ұнады
Мен жарыста осы өлеңді айтып бас жүлде алғанмын.Күшті өлең
Өте керемет өлең тамаша
Маған қатты ұнады
Е қалайсыңдар мені таныдыңдар ма.Мәә күшті ғо мына өлең. Маған қатты ұнады.
Керемет өлең шумақтары
«Бесік басында» — Мұқағали Мақатаевтың қазақ поэзиясында отбасылық мейірім мен балалық бейбіттікті нәзік баяндаған көркем шығармасы.
Бұл өлеңде ақын сәбидің ұйқысының тыныштығын, ата‑ананың жүрегіндегі жылылық пен қамқорлықты поэтикалық сөздер арқылы ұсынады. Ақын:
Сәбидің ұйқыдағы келбетіне қарап тыныштықтың рақатын сезінуі;
денсаулық пен бай‑қайланысқа мән беруі;
баланың күлкісі мен жан жылуы арқылы өмірдің мәнін ашуы
сияқты терең ойларды әдемі тілмен жеткізеді.
Бұл туынды — балалық шақтың құшағында, туғаннан кейінгі алғашқы мейірім мен тату‑дәмді отбасылық сезімді тамаша сипаттайтын поэзияның жарқын үлгісі болып табылады.