Шолаққорған – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шолаққорған» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1581
Тексерсем бастан кешкен жылыңды мың,
Тауса алман айтып жылдың зұлымдығын.
Тарихтың таңбасына дүрбі керек,
Қатпарын қателеспей ұғынды кім?!
Қаншама зынданыңа ер қамалды,
Жарасыз жүрегіне шер жамалды.
Бүгіннің бағасын сен пайымдарсың,
Түсірсең еске сонау кер заманды.
Маңыраған медіресенің өжіресі –
Өткен бұл бір дүниенің шежіресі.
Іздесе асалылар дәуренін сол,
Иреңдер шала-жансар емілесі.
Дайындап жауға мола қазған ордан,
Көрмеген боп тұр соны Шолаққорған.
Мәһалла бүгесінен жерге шөккен,
Айнала сыбдырлайды сәмбілі орман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шолаққорған өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Шолаққорған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шолаққорған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шолаққорған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері