Бұл бетте «Сөнбейтін жыр» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген.
Баяғыдай күн шашқан күмістерді,
Баяғыдай сырласқан шығыс желі.
Бірақ көзге түспейді тағы да бір
Өлең соққан заводтың жұмыскері.
Жүрмеді ол жайына жанын бағып,
Түсті майдан күреске дабыл қағып.
Жатыр ұйықтап жорықтан оралғандай
Туған аспан астында дамыл алып.
Қарауытып қабағы жағалай жар,
Күрсінеді алыста ағады Айдар.
Комиссарын күзеткен солдаттардай
Жас қабырды қоршайды қарағайлар.
Жылдар ұшып жалында арғымақтың,
Өзгергенмен өмірде бәрі заттың.
Өлең қалар өзгермей өз күйінде,
Кеудесінде күмбірлеп табиғаттың.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі