Көз көргеннен – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Көз көргеннен» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1225
Тұрмыс мені желсөзге серік қылған,
Маған да жұрт қосылды, еріп қырдан.
Кей серігім желікті желсөзімнен,
Өзіме де обал жоқ, қарап тұрман!
Бар да шығар менде де, мүмкін, желік,
Көргенім жоқ мен, бірақ, түлкіге еріп.
Жел сөз, төл сөз баршасы өлеңімде,
Симағанға өлеңге көңілім жерік!
Мен бір өлең жазамын көз көргеннен,
Туа жат боп, өзімнен өзгермеген.
Календардан бұйырмас жалғыз парақ,
Алып-қашпа ғаламда сөзге ергенмен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз көргеннен өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Көз көргеннен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз көргеннен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз көргеннен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері