Оташы
Бұл бетте «Оташы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тікен кіріп табанға,
Тез іріңдей бастады.
Тыным бермей адамға,
Түні бойы қақсады.
Жоқ ешқандай опасы
Сол індетті басқалы,
Қолы батыл оташы
Отады да тастады.
Өміріңде аядай
Жүргің келсе от кешіп,
Өз тәңіңнен аямай
Тастау керек ет кесіп.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі