Жаяу сал – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жаяу сал» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1053
Әріптің отыз екі арасында,
Қазақтың көрдім шарқы – шамасын да.
Білмеймін асылмын ба, масылмын ба,
Біреумен келе алмадым жарасымға.
Қүйылды дос-дұспанның сыры барлық,
Маған тек бүйырмады іші тарлық.
Ел-жұртты аралаудан жалықпадым,
Тәңірім жаратса да жаяу сал ғып.
Өзгеден үйренсем де, үйретпедім,
Асауға салар құрық сүйретпедім.
Білмеймін, кештім неден сары уайым,
Тым ерте қалды шашым сиреп менің!
Базардың бағасының арзанында,
Өзіме ырзамын да, нарзамын да!
Көп серік жаяу салға керек емес,
Біреуің көңіл үшін қал жанымда!
Жаз бен қыс көкірегімнен орын тепкен,
Жазықсыз жаным жырдың қорын төккен.
Қанымның мыңнан тамшы уын татқан,
Кей қасқөй шабытыма өш шалқып жатқан.
Білекті қызыл тілім менің мықты,
Озықтай жеңілмейді, теңін жықты.
Тағдырым – бұлтты айдаған қара дауыл,
Болма, дос, жетер болсаң – дара бауыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаяу сал өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Жаяу сал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаяу сал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаяу сал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері