Бұл бетте «Жүйелеп шағып, жүйкеңді» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүйелеп шағып, жүйкеңді,
Жамандар, көңіл бұзады.
Көңілдің жайын таппастар,
Өмірдің сол ғой тұзағы.
Арпылдап жүрген пендеміз,
Шырт етсе сынар шыдамы,
Бекасыл деген бабаның,
Ағасының шырағы,
«Пошатай» деген Қаридің,
Немересі мен ғой, пырағы.
«Мәшһүрге» барған жолым бар,
Бабаның жолы ұнады,
«Бекасылды» іздеп келгені,
Тарих боп мәңгі тұрады,
«Зикзалды» жазып ұсынып,
Сол бабам неге жылады?!
«Мәшһүрдей бабам» тұрғанда,
Дүние шіркін тұрады.
Бабаларына бас иген,
Балаңның осы ұраны,
Көгіңде мәңгі шалқысын,
Көк туымдағы қыраным,
Басыңа барып оқыған,
Қабыл болсыншы «Құраным»!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі