Шабандоз – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Шабандоз» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1311
Сұлтанбекке

Машинаға айырбас қылмай,
Уатқа байлап ат бағасыз.
Белдікті кемер музейге қимай,
Тойда белге Сіз тағасыз.
Саласыз салым қысты күні,
Таптамас үшін егінді жазда.
Үстінен аттың ілесіз мірі,
Бүркіттей кәрі ұрынған қазға!
Шаптым өзім жасымда көкпар,
Көрмедім, бірақ, қақыратып топты.
Айтқанда шал «Аллақу – әкпар!»,
Иегім сауып еліккем жоқ-ты!
Құмарлықты өзім түсінем түрлі,
Сөкпеймін сіз құласаңыз да аттан.
Қаламым жорға сегіз қырлы,
Сырым сізге жұмбақ жатқан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шабандоз өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Шабандоз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шабандоз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шабандоз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері