Лашын көз
Бұл бетте «Лашын көз» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыран бүркіт келмейді-ай қайыруға,
Не демейді дос-дұшпан-ай айыруға.
Өмір бойы жұп жазбай жүрейікші,
Тел қозыдай бір шыққан-ай жайылуға.
Әй-әй-әй-әй-әй, әй-әй-әй-әй-әй,
Бір шыққан жайылуға.
Замандас боп, ей, қалқа, тудың нағып,
Кәмшат бөрік кигенің үкі тағып.
Айдын көлге шомылған сен бір аққу,
Төңкеріліп лашындай ілсем қағып.
Әй-әй-әй-әй-әй, әй-әй-әй-әй-әй,
Лашындай ілсем
қағып.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі