Жарыс – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Жарыс» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1286
Мен тағдырға өкпелемен,
Бақасымды басындырған.
Сүзіспейді көк текемен,
Бәйге тарлан ашындырсаң.
Озса шобыр төте жермен,
Беріп шылбыр, үндеу сап.
Мен шерімді жудым термен,
Болды маған күндеу жат!
Сауырымды тілсе қамшы,
Сауықтым мен безгектен;
Мөлдір мең боп тамды тамшы,
Сары жұртқа ел кеткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері