Аға неге хабарласпай кеттің деп – Келіс Рахымжанов

Бұл бетте «Аға неге хабарласпай кеттің деп» атты Келіс Рахымжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1391
Аға неге хабарласпай кеттің деп
Қызық шығар ағасынан хат күтпек.
Бірақ ол жан айта алмайды қарағым
Хат жазуға біз есейіп кеттік деп.

Білсе де ол айта алмайды көп жайды.
Сағынғанда тек өлеңін арнайды
Кейде өмірде ғашық болған жанға да
Арманыңды сездіруге болмайды.

Жатар бәрі жүрегіңде сақталып
Жылдап жазған жырларыңмен хатталып.
Хат жазбасаң кінәлі боп қалардай
Өз-өзіңнен отырасың ақталып.

Күндер деген зулайды кеп білінбей
Ерте солған күзгі бақтың гүліндей.
Қайтқан құстың сағынышы тәрізді
Хат келеді ерте көктем күніндей.

Көктем өтіп бірде сосын жаз келер
Жайнап жатқан жасыл өңір өзгерер.
Бір көрсем деп сол бақытты кездерді
Жиі-жиі еске алатын кез келер.

Сағынып мен хат жазамын сол шақта
Сәлем жолдап өзің жүрген аймаққа.
Мені білген туыстарға қол беріп
Жүрегімен жақын адам болмаққа.

Жырларымды оқып сонда қабыл ал
Іздегенге көп қазына табылар.
Оны оқып өзге емес біреулер
Жүрегі ыстық жазған жанды сағынар.

Солай-солай сағыныштан жыр өріп
Хат жазысып хабарласып жүрелік.
Ғұмыры ұзақ сезімдердің біз кешкен
Ең сәулелі сәттеріне сүйеніп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аға неге хабарласпай кеттің деп өлеңінің авторы кім?

Келіс Рахымжанов — осы өлеңнің авторы.

Аға неге хабарласпай кеттің деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аға неге хабарласпай кеттің деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Келіс Рахымжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аға неге хабарласпай кеттің деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері