Түлектер жыры – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Түлектер жыры» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2430
Асқар шыңға самғаған,
Ақ қанаты талмаған,
Біз жігерлі жастармыз,
Қыр-белестен асқанбыз,
Білім шамын жаққанбыз.
Елжіреп жүректер,
Айтылсын тілектер.
Бақ құсын қолына
Қондырсын түлектер.
От-жалыны лаулаған,
Гүл-өмірі жайнаған,
Біз үмітті ақтаймыз,
Татулықты сақтаймыз,
Жаңа өмірді бастаймыз.
Нұрлы үмітті жалғаған,
Жарқын жолды таңдаған,
Бақыт елін тапқан біз –
Ажырамас достармыз,
Таусылмайтын дастанбыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері