Жайлауға барамын! – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Жайлауға барамын!» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2472
Асыр салып ойнауға,
Барам жазда жайлауға.
Меніменен ол жаққа,
Барады інім – Айбар да.

Жайлау бізге ұнайды,
Табиғаты шұрайлы.
Ерке інім жайлаудан,
Кетпеймін деп жылайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері