Батыр – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Батыр» атты Ескен Елубаев жазған ерлік туралы өлең берілген.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1901
«Қорқақ екен өзге, – деп,
Осыдан да қаша ма?
Жаңбыр деген сөз бе», – деп,
Тығылмады ол тасаға.
Су-су қылып киiмiн,
Өте шықты нөсер де.
Мойнына су құйылып,
Бүрсеңдеп жүр көшеде.
Сол күнi бiз кешкiлiк,
Күлiп едiк «батыр!» деп.
Ертесiне естiдiк:
– Суық тиiп жатыр, – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері