Бір өмір – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Бір өмір» атты Алмат Исәділ жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 1
  • 1449
Бір Өмір,
Бір Тірлік,
Бір Өлім,
Жұмбағын шешіпті кім оның?
Алдамшы жалғанның түр-өңін,
Түбінде
Басады Ажалдың түнегі...

Бір Бақыт,
Бір Шаттық,
Бір Қайғы:
Алмасып ай-жылдар зырлайды.
Тіршілік әйтеуір тынбайды.
Алайда,
Бұл Дәурен
Бір баста мәңгілік тұрмайды.

Бір Сезім,
Бір Үміт,
Бір Күйік,
Ойларға жетелеп тұңғиық,
Шешілмес жұмбағын жасырған,
Беймаза,
Бірі кем дүние – қым-қуыт.

Бір Сенім,
Бір Күдік,
Бір Шындық,
Шындықты білуге ұмтылдық.
Қуанып, соңыра күрсіндік:
Барлығын тұмшалап тастапты,
Өтірік дейтұғын бір Сұмдық.

Боларын біліпті кім бұлай,
Қай жақта біз күткен Нұрлы Жай?
Бір Жарық,
Бір Түнек алмасып,
Күн шықса кетеді сырғып Ай...
Тіріге – Береке,
Өліге – Иман бер,
Жаратқан Бір Құдай...


Пікірлер (1)

Мұқағали Мақатайыв

бір өмір

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір өмір өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Бір өмір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір өмір өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір өмір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері