Өлең, жыр, ақындар

Алмат Исәділ

Алмат Исәділ (1976 ж.т.) — ақын. Алматы қаласында туған.

Өлеңдері республикалық басылымдарда жарияланып жүр. Орыс тілінде де шығармалар жазып, аударма ісімен шұғылданып келеді. «Жас қазақ ақындарының антологиясына» топтамасы енген. Астана қаласында 2001–2002 жылдары өткен ІV және V Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Әдеби шығарма» номинациясы бойынша дипломанты. «Отырар кітапханасы» сериясымен «Жолдар, жолдар» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. 2002 жылдан бері республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Әдебиет айдыны» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды.


Қарап көріңіз

Пікірлер