Тәртіпті бала
Бұл бетте «Тәртіпті бала» атты Алмат Исәділ жазған бала туралы өлең берілген.
Сәлем бердім баршаға,
Келіп қалдым ортаңа.
Игеремін білімді,
Қанша қиын болса да,
Мен тәртіпті баламын,
Жалын болып жанамын.
Таудай болса талабым,
Биіктерге барамын.
Құрметтеймін дінімді,
Туған қазақ тілімді.
Шалқытам да жырымды,
Игеремін білімді.
Бойымда бар өнерім,
Ойымда бар өлеңім.
Қадам басып келемін,
Болашаққа сенемін.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі