Өзіміз ғой – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Өзіміз ғой» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1281
Қолын бұлғап арман алдан,
Ой-санамды арбап алған.
Ақиқатқа жетем бе деп,
Қаламымды қанға малғам.

Өмірге өмір жалғап Аллам,
Құдіретпен Жан жаралған.
Неге бірақ, жай таппаймыз,
Селт етпейтін сал қоғамнан?

Арамызда аз ба, жазған,
Небір түлей, азған азбан?
…Е, олар да өледі ғой,
Өздеріне қазған ордан.

Қам жасайық қолда бардан,
Көп парыз бар қордаланған.
Ырзығымыз шашылып жүр,
Жосып жүріп, жолда қалған.

Тұрақ таппай бар ғаламнан,
Шаршадық қой нән қалаңнан.
…Тас көшелі, лас тірлікті,
Өзіміз ғой таңдап алған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері