Домбыра – Ақылбек Манабаев

Бұл бетте «Домбыра» атты Ақылбек Манабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1120
Күйші қарт кеуде кере шабыттанып,
Жібергенде қос ішекті қағып-қағып.
Күмбірлеп күңіренген сырлы саздар,
Көңілдің көгін құшты талып барып.
Бес саусақ өрлі-қырлы жеңіл аунап,
Сырғиды пернелерді омыраулап.
Саңқылдап сағыныштың әуендері,
Қиялды жетектейді соныға аулақ.
Ашқандай ақ құшағын сүйікті арман,
Көз жұмып, көп тыңдаушы ұйып қалған.
Жұлқысар шаршы топта палуандай,
Кейбіреу жалаңаштап иықты алған.
Секілді шыңға қонған бала бүркіт,
Біреулер өзеурейді, алабұртып.
Мөлт еткен қос тамшыны көтере алмай,
Майысып айқасады қара кірпік.
Қиқулап, кейбіреулер жанасалап,
Өрекпиді, отырмай тек тамашалап.
Барады баурап алып бар жүректі,
Безектеп, бебеулеген қара шанақ.
Жаныңды сиқырлы бір дауыс арбай,
Ырғақтар бірден-бірге ауысар жай.
Қаз мойын, сал домбыра өксиді-ай кеп,
Саусақтар сырды санап таусыла алмай.
Сағақта тұншығып қап тарпаң бір үн,
Асқақ күй ұқтырады бар паңдығын...
Далама ризамын мен қол басындай,
Ағашына сыйғызған дарқандығын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыра өлеңінің авторы кім?

Ақылбек Манабаев — осы өлеңнің авторы.

Домбыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақылбек Манабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері