Тау – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Тау» атты Алмат Исәділ жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1231
Әрдайым көз тігіп заңғарға,
Сүйеніп өстім мен тауларға.
Таулардан үйрендім төзуді,
Тағдырым тәлкекке салғанда.
Сонау бір кезімнен ес білген,
Қаймығып көргем жоқ ешкімнен.
Тауларды қазық қып жаратқан,
Тек Алла деп ғұмыр кештім мен.
Құбылып, бүлінді заманым...
Таудай боп тұрса да талабың –
Аласа адамдар әр тұстан,
Қоймайды-ау талауын, қанауын.
Жеткізбей зуласа арман-күн,
Өткізбей туласа орман-мұң:
Жауымның дауылды күшінен,
Тауымды қалқан ғып қорғандым.
Еске алып бозбала шағымды,
Сағынып келгенде ауылды:
Бауымды төсеніш еттім де,
Жастанып жаттым мен тауымды!
Бұлт шалса шыңдардың төбесін,
Көресің табиғат егесін.
Күрсінтіп алмайық тауларды,
Сілкінтіп жіберер Жер өсін.
Биіктен барлығын көретін,
Ел-жұрты соңынан еретін.
Сиреді данагөй шалдар да,
«–Таудай бол!» – деп бата беретін.
«Таулардан – тәкәппар қараған,
Тау ғана еңселі бола алар!»
Болсын деп тілеймін дін-аман,
«Таудай ұл» табатын аналар!
Бағынтам деп жүрсең шың басын,
Таулардай асқақ бол, тың, батыл.
Тірлікте тауың да шағылмай,
Сынақта сағың да сынбасын!
Қыранның қанаты талатын,
Жырыма зау шабыт болатын.
Аспантау аясы – мен үшін,
Киелі мекенсің ең асыл.
Әрдайым көз тігіп заңғарға,
Сүйеніп өстім мен тауларға.
Таулардан үйрендім төзуді,
Тағдырым тәлкекке салғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Тау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері