Менде сенiң төрт суретiң бар –
Есей Жеңісұлы
Бұл бетте «Менде сенiң төрт суретiң бар» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Егер бiлсем, шын бақытты күнiң бұл,
Бiр суретте жанарыңда дiрiл тұр.
Терезеден жарық болып сүйедi,
Ай жүзiңдi шiлде күнi шiлiңгiр.
Қабағыңа кеп тығылған, тасулы,
Бiр күлкiңдi мына сурет жасырды.
Бетiңдегi шұңқырды сәл көрсетiп,
Алақанмен желпiп қапсың шашыңды.
Ендi отырсың терезеден алыстап,
Қара шашты ақ бiлегiң тағы ұстап.
Езуiңе өзiнiң бар сүйкiмiн,
Кеткендей-ақ әлем сыйлап, табыстап.
Соңғы сурет, берiлдiң бе сезiмге,
Бiртүрлi бiр мұң тұр сенiң көзiңде.
Қас-қағымда кiмдi ойлады екенсiң,
Объектив бiр шырт еткен кезiнде.
Төрт бейнеден көкiрегiме тұнды өлең,
Төртеу – сенсiң.
Бақытты екен кiм менен?
Фотограф төрт мезгiлдi сыйлады –
Дiрiл, күлкi, сүйкiм және...
мұң деген.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі