Не тілер айырбасқа келер бір бақ – Қалау Сәлеметбайұлы

Бұл бетте «Не тілер айырбасқа келер бір бақ» атты Қалау Сәлеметбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.12.2020
  • 0
  • 0
  • 631
(Жарым Жансаяға)

Не тілер айырбасқа келер бір бақ,
Сендей ерке тағдырға көнем, бірақ...
Қиналам кейде күрек ұстай алмай,
Байласа саусағымды өлең шырмап.
Жетер маған сенің бар сыйлағаның,
Үй суық болғанымен мида жалын...
Көкірегімде қалған бір бос әлемді,
Ұлымның үні тербеп қиналамын...
Қап-қара қар жауғызсам нала-мұңнан,
Қарғалдақты көремін қабағыңнан.
Етігім тесілгенде мәз боласың,
Жер – анам иіскеді деп табаныңнан.
Қара тұяқ кетіліп ақ шағылда,
Жүрсе де, айтшы, жырдан ақсадым ба?
Ақ жаулығын тосасың тұмсығыма,
Анам жайлы түс көріп жатқанымда.
Құйып ап қиялына қорғасынды,
Қосағың бұл қоғамға зорға сіңді.
Түсіме енген қыз десем,
Сен екенсің
Түндерде сүріп жүген көз жасымды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не тілер айырбасқа келер бір бақ өлеңінің авторы кім?

Қалау Сәлеметбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Не тілер айырбасқа келер бір бақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не тілер айырбасқа келер бір бақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалау Сәлеметбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не тілер айырбасқа келер бір бақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері