Қасым аға – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қасым аға» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 746
Қасым Қайсенов
80 жасқа толғанда

Жүре алмайтын біреуді арқаламай,
Ел деп туған еңіреп мәрт ағам-ай!
Селкілдемей жеттің-ау сексенге де,
Қарын да бар қалпында, қалта да бай.
"Бөлек қой деп көкемнің күлкісі де",
Таңданбаған кісі жоқ түр-түсіңе.
Жұрт ішінде түсесің көзге де оқшау,
Қоя берген нардай боп жылқы ішіне.
Жай-күйіңді өздері сұрасын деп,
Кейде бізге тіл қатпай тұрасың көп.
Ағаларын, алдында аңқаң қағып,
Балалардың "енесін ұрасың" кеп.
Қасекем-ай, қайбірін сөз қыламын,
Көп қазақтан қатарлас озды бағың.
Қажетсізін көп сөздің естімейсің,
Қажеттісін қағып ап тез құлағың.
Көп жасаймын десең де елден ерек,
Кім бар шығып алдыңа жол бөгемек.
Қаһарманға, Партизан, полкөвник,
Профессор, Жазушыға жөн не керек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасым аға өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қасым аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасым аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасым аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері