Ізім қалсын – Ізтай Мәмбетов

Бұл бетте «Ізім қалсын» атты Ізтай Мәмбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.01.2021
  • 0
  • 0
  • 3025
Ақтөбе-ау, айналайын, сөзді ұғарсың,
Өзімдей ыстық жүрек, қызу қансың:
Сағынып кеттім –дағы,
Жеттім тағы,
Тағы да топырағыңда ізім қалсын.
Өзіңнен өрен жайған балаң едім,
Сен жақсы жолдасымдай санама ендің.
Әр үйің, әр орамың болды таныс,
Жолымды көз жұмсам да таба бердім.
Жылдардың әлдиіне өсе бердім,
Көк өндір ағашындай көшелердің.
Сезбеппін –
Сонда сен де бірге өсіпсің
Қуатты қолдарымен не шебердің.
Мен мұны бұрын емес, бүгін білдім,
Көркіңе иілдірдің, сүйіндірдің.
Сәт сайын жолықтырып бір жаңалық,
Танытпай талай жерді, үңілдірдің.
Баяғы зілмәңкелер құлатылған,
Бой түзеп биік үйлер мына тұрған.
Айнадай асфальт жатыр алды-артымда,
Көшіпті «бауырмал саз, құм антұрған».
Бітпесін санап бүкіл жаңалықты,
Болыпсың дәуірге сай қала мықты.
Кетіпті жас шалғындай өмір басып
Жолдарын жүрген кеше балалықтың.
Ақтөбе, ыстық ұям, сөзді ұғарсың,
Өзімдей отты жүрек, қызу қансың,
Тағы да аралайын алшаң басып,
Тағы да топырағыңда ізім қалсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ізім қалсын өлеңінің авторы кім?

Ізтай Мәмбетов — осы өлеңнің авторы.

Ізім қалсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ізім қалсын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ізтай Мәмбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ізім қалсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері