Не артық
Бұл бетте «Не артық» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қу қанжыға жүйріктен
Қаба жалды берік артық.
Жылауы жоқ тымақтан
Баса киген бөрік артық.
Жаман болса алғаның,
Мақтасы қалың көрпе артық.
Сөйлер сөзі болмаса,
Бір көруге көркі артық.
Қараға жауап бергеннен,
Аққа берген серт артық.
Жаманнан азар көргеннен,
Құдайдың берген дерті артық
Түзелер еді бұл заман,
Пейілі бұзық пендені -
Кетсе астына жер тартып.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі